Акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың (табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда) тауарларды кейiннен көтерме-бөлшек саудада сату мақсатында сатып алуы мемлекеттік сатып алу мәнi болып
табылмайтын тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 318 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1177 қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың (табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда) тауарларды кейiннен көтерме-бөлшек саудада сату мақсатында сатып алуы мемлекеттік сатып алу мәнi болып табылмайтын тауарлардың тiзбесi бекітілсiн.
2. «Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасы мен олардың көлемi (пайызбен көрсеткенде) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 18 қарашадағы № 1213 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 45, 574-құжат) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасында:
1-тармақтың 1), 3), 4) тармақшалары алынып тасталсын.
3. «Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жекелеген түрлерiн мемлекеттік сатып алудың кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 27 наурыздағы № 371 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 15, 195-құжат) 1-тармағы 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.